Металлургтер жұмысшылар кәсіподақтарының бірлігінің нышаны ретінде Мейрам Қажыкенге каска табыс етті
![](/img/articles/uploads/635b991cd14c2307121835_a3c6e97f05.jpg)
ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Жезқазған мыс балқыту зауытына келді. Үміткер анод бөлімшесінің жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ ол қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Металлургтердің көпшілігі зиянды өндіріс орнында жұмыс істейтіндіктен, ерте зейнетке шығу мәселесін көтеріп, «қауіпті кесте» ұғымын қайтару қажеттігін атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу соңында зауыт қызметкерлері сайлауалды додада сәттілік тілеп, кандидатқа жұмысшылар кәсіподақтарының бірлігінің белгісі ретінде касканы табыс етті.
Металлургтермен кездесуден кейін кандидат Мейрам Қажыкен «Адал еңбек KZ» ЖШС-не барды. Бұл компания «Қазақмыс» корпорациясының бастамасымен, кәсіпорындарында еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған ұйым болып табылады. Кездесу барысында үміткер компания басшылығымен және белсенділерімен танысты. Мұнда қызметкерлер ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесіне ден қойды.
Анықтама үшін:
Жезқазған мыс балқыту зауыты 1971 жылы ақпанда пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда ЖМЗ «Қазақмыс Smelting» ЖШС құрамына кіреді. Зауыттың жобалық қуаты -жылына 200 000 тонна катодты мысты құрайды.
Екі РТП пешінің жұмысы кезінде қызметкерлердің жоспарлы саны - 2 093 адам.
«Адал еңбек KZ» ЖШС 2015 жылы Жезқазған қаласында компания кәсіпорындарында еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылды.
Арнайы кәсіпорын бірнеше қызмет түрлерін көрсетеді, оның ішінде: ағаш өңдеу және ағаш кесу, Жезқазған мен Сәтбаев қаласы аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру, клининг қызметтері, ішкі инженерлік желілерді ұстау, пайдалану-шаруашылық қызметтері. Жақында кәсіпорын жұмысшылары жасанды ротанды жиһаз жасау және ағаштан бұйымдар жасау ісін қолға алды.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)