Жигули Дайрабаев: Агробизнес құрғысы келетіндер үшін пайызсыз несие беретін арнайы агробанк құру қажет
![](/img/articles/uploads/63595044db0b8235610511_207eb01e26.jpg)
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауалды үгіт аясында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті. Кездесуге ірі шаруа қожалықтарының басшылары, қарапайым фермерлер, мақта өсірушілер мен диқандар қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Кандидат Жигули Дайрабаев кездесу барысында ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қаржыландырудың, жер және техникалық ресурстардың қолжетімділігі мәселелерін қозғады. Түркістан облысы фермерлердің көп шоғырлануымен және АӨК құрылымындағы үй шаруашылықтары үлесімен ерекшеленетіндіктен, бұл – өңір үшін ерекше өткір проблема.
Шағын шаруалар кооперациясы мәселелерінің шешілу деңгейі төмен, жер үлескерлері мен шартты жер үлестеріне иелік етушілер арасында дау мезгіл-мезгіл туындап тұрады. Мен сайлауалды бағдарламамда осы мәселелерді шешудің жеке бағытын белгіледім. Мен агробизнес құрғысы және аграрлық саланы нығайтқысы келетіндер үшін пайызсыз несие беретін арнайы агробанк құруды ұсынамын, - деді Жигули Дайрабаев.
Кездесуде фермерлер су тапшылығы жайлы алаңдаушылықтарымен бөлісті. Олардың айтуынша, бұл мәселе жыл сайын артып келеді.
Су ресурстарының тапшылығы экономиканың көптеген саласына, соның ішінде ауыл шаруашылығына теріс әсер етеді. Сондықтан су ресурстарының әлеуетін қалпына келтіру, оның ішінде су үнемдеу технологияларын дамыту жөніндегі жұмысты күшейту қажет, - деді Ж.Дайрабаев.
Облыстың мақта өсірушілері де өз проблемаларын айтты. Биыл Түркістан облысында 125 мың гектардан астам жерге мақта егілді, аграршылар 300 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Кандидат мақташыларға мәселені шешу үшін мақта сатумен ғана емес, сонымен қатар қайта өңдеумен де айналысуды ұсынды, бұл олардың жағдайын едәуір жақсартып, аймақта жаңа жұмыс орындарын ашатынын айтты. Ол мемлекет есебінен шаруалармен бірлескен меншік негізінде қайта өңдеу зауытын салу ниеті бар екенін мәлімдеді.
Кездесу соңында жиналғандар Жигули Дайрабаевтың президенттік сайлаудағы бастамаларын қолдауға дайын екендіктерін айтты.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)