Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев туған ауылының азаматтарымен кездесті
![](/img/articles/uploads/635780c41ffc8759166702_f01c5692bd.jpg)
Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев өзінің өңірлік үгіт-насихатын туған ауылынан бастады, деп хабарлады Elorda.info «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кампания «Сен біздің ауылдан шықтың» акциясымен ашылды. Жигули Дайрабаев Жамбыл облысы Құлан ауданы Қарақыстақ ауылының ақсақалдарымен, тұрғындарымен, бала күнгі достарымен, сыныптастарымен кездесті. Олар кандидатқа аманат тапсырып, ақ жол тіледі.
Жиында ауыл өмірі басты назарда болды. Ауылдықтар заманауи ауылдың қандай болуы керектігін айтты. Кандидат назарын тек өз ауылына емес, өңірлердегі барлық 6000 ауылдық елдімекенге көмектесу керектігіне аударды.
Оңтүстіктегі ауылдардың жағдайы біршама жақсы, бірақ біршама ауылдар қаңырап қалды. Жастардың басым бөлігі жағдайдың, жұмыстың жоқтығынан, өмір сүру деңгейінің өте төмендігінен ауылдан кетуге мәжбүр болды. Ауыл мен ауыл шаруашылығы ажырамас ұғым. Бақуатты ауылсыз агроиндустияны дамыту, агроиндустриясыз қуатты Қазақстанды құру мүмкін емес. Осы мәселені қолға алу керек, - деді өз сөзінде Жигули Дайрабаев.
Кандидаттың сөзін ден қоя тыңдаған ауылдықтар, осылайша қорытынды ой түйді. Мерке ауданының құрметті азаматы, Ақсақалдар алқасының төрағасы, 73 жастағы Байсейіт Сабырұлы Жылысбаев Жигули Дайрабаевты қазақ салтымен құрбан шалып, қонақ етті. «Жілік шағу» дәстүрін өткізді. Кандидат қонаққа барып, халық ортасында болуымен өзінің салт-дәстүрге берік екенін көрсетті.
Бұдан кейін Жигули Дайрабаев өзі оқыған мектепке, шопанның көмекшісі болып еңбек жолын бастаған ауылға барды. Туған топырақтан қуат алып, қанаттанған кандидат келесі өңірге аттанды.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)