00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Президенттікке кандидаттарға арналған ақпараттық хабарлама

31.03.2023 | 17:59
Елорда ақпарат
34

«Elorda Aqparat» ЖШС – «Astana aqshamy», «Вечерняя Астана» газеттерінің және Elorda.info желілік басылымының меншік иесі Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы» Жарлығына сәйкес, 2022 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысатын тіркелген кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін баспасөз беттерінен орын беру талаптары туралы хабарлайды.

Баспасөз бетіне берілетін үгіт-насихат материалдарын беру 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидатқа баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін газетпен жасалған жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Кандидаттың (сенімді өкілдің) баспасөз бетіне берілетін үгіт-насихат материалдарын беру туралы газеттермен шартқа қол қоюы кандидаттың (сенімді өкілдің) сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты қызметтерді газеттерден қабылдауға келісімі болып табылады.

МЕКЕМЕГЕ БЕРІЛЕТІН ЖАЗБАША ӨТІНІШ – МАТЕРИАЛ МЫНАДАЙ АҚПАРАТТЫ ҚАМТУЫ ТИІС:

• Тіркеу нөмірі, жазбаша өтініштің күні мен уақыты;

• Кандидаттың аты-жөні, жазбаша өтініш берген сенімді тұлғаның аты-жөні;

• Жазбаша өтініш беруге тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар – кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) жеке куәлігі, уәкілетті мемлекеттік орган берген кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) куәлігі, ҚР заңнамасына сәйкес өзге де құжаттар;

• Газет бетінде жоспарланған көлем мен оның уақыты, үгіт-насихат материалдарының түрі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;

• Кандидаттың немесе сенім білдірген тұлғаның қолы.

«Elorda Aqparat» ЖШС жазбаша өтінішті 2022 жылдың 21 қазанынан бастап 18 қарашасына дейінгі аралықта Астана қаласы, Достық көшесі, 13, (222-кабинет) мекенжайы бойынша күн сайын, демалыс және мереке күндерінен басқа күндерде сағат 10.00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Жарияланымдарда олардың төлемі, материалдарға жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері, ақпарат берген адамның тегі туралы мәлімет қамтылуы тиіс.

«Elorda Aqparat» ЖШС баспа материалдарын орналастыру кезегін жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен белгілейді.

Үгіт-насихат материалдарын «Elorda Aqparat» ЖШС-ке жоғарыда аталған газеттер шығардан 1 (бір) күн (жұмыс күні) бұрын шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға келісілген (қол қойған) материалын модуль немесе мақала түрінде жеткізілуі тиіс.

Басылымдар кандидаттар ұсынған үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылымды күшпен өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік араздықты, нәсілдік, ұлтаралық, дінаралық, рулық, тайпалық алауыздықты қоздыру, сондай-ақ заңнамада қарастырылмаған әскери күштерді құру секілді идеялар болған жағдайда бас тартуға құқылы.
Газет ұсынылған үгіт-насихат материалдарында қандай да бір кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда оны жариялаудан бас тартуға құқылы.

Ұсынылған ақпаратта көрсетілген жариялау орындарын ұсыну талаптары мен тәртібі уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Материал жариялауға ұсынылатын баспасөз бетінің көлемі бойынша төлем мөлшері мынадай:

1. «Astana aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттерінің бетінде материал шығарудың 1 шаршы сантиметрінің құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 1265 теңге.

2. Жарияланған материалды «astana-akshamy.kz» және «vechastana.kz» газеттерінің сайтында қайта шығару құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 30000 теңге.

3. Жарияланған материалды «elorda.info» сайтында қайта шығару құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 30000 теңге.

4. Тапсырыс беруші ұсынған (2000 белгіге дейін болуы шарт) мақаланы «elorda.info» сайтында жариялау құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 40000 теңге.

5. Мақаланы жазып, «elorda.info» сайтында жариялау құны, ҚҚС-ын қоса есептегенде – 80000 теңге.

Төлемақы «Elorda Aqparat» ЖШС ұсынған шотқа осындай шот жіберілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде аударылады.

Төлемақы тиісті келісімшартта көрсетілген «Elorda Aqparat» ЖШС-тің банктегі реквизиттеріне аударылады.

«Elorda Aqparat» ЖШС директоры
О.СЫДЫҚБЕК

Все новости