00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстырар жеті қағиданы атады – академик

31.03.2023 | 17:57
Елорда ақпарат
30

Еліміздегі саяси партиялар, республикалық қоғамдық бірлестіктер сияқты Ұлттық ғылым академиясы да алдағы Президент сайлауына қатысуға лайықты тұлға ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Президенттігіне ұсыну туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиев facebook-парақшасында жазды.  

Осыған орай, Астанада өткізілген халықтық коалиция форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстырар жеті қағиданы атады.

Тәуелсіздік - біз үшін басты құндылықтар екеніне ерекше тоқталып,Тәуелсіз мемлекет қана өзінің тілін, жерін, дінін, ділін сақтап қала алатындығын айтты. Иә, шынында тәуелсіздігімізді қорғау мен нығайту бәрімізге ортақ міндет екенін ұмытпағанымыз абзал.

Сонымен бірге, бәсекелестікке қабілетті, әлемнің алдыңғы қатар елдерімен тереземіз тең болсын десек, еңбекті басты орынға қою қажеттігі туралы қағида көптің көңіліндегісін дөп басты десек қателеспейміз. Сөзден іске көшіп, ерен еңбектің үлгісін көрсетер кез келді деп санаймыз. Қоғам еңбек адамына деген құрмет күн санап арта беретінін сезінуі керек.

Мемлекеттік мүдде мен халықтық мүдде ажырамас ұғымдар екенін ұғындырған қағида да елімізде қабылданар шешімдер ел мүддесін қорғауды камтамасыз етуді көздейтіндігін көрсетеді.

Әділетті Қазақстан заңдар салтанат құрғанда орнайтынын алға тартқан тағы бір қағида, қабылданған заңдардың орындалуын қадағалау маңыздылығына мән беру керектігін айқындайды.

Ғылымға негізделген экономика табысқа бастайтыны белгілі. Озық білім мен қажырлы еңбек қана ел өркендеуіне апарар жол деп түсінгеніміз абзал. Сол себепті, ең құнды байлығымыз - адами капиталды дамыту бүгінгі күннің айнымас қағидасына айналу керектігі туралы Мемлекет басшысының ой-тұжырымдары қисынды деп ойлаймыз.

Еліміз үшін

береке- бірлік, ықыласты ынтымақ, сыпайы сыйластық, тәтті татулық басым бағыттар болып белгіленуі - ел дамуына серпін берері сөзсіз.

Қысқа қайырсақ, Мемлекет басшысының қоғамға қажет қағидаларды көңілге қонымды, ұғынықты, қарапайым тілмен баяндауына қарап, Жаңа Қазақстан құру жолында жұртты жұмылдырып, ұлтты ұйыстырарына сенгің келеді, – деп жазды академик. 

Все новости