00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Орақ Жабайұлы: Елдің тағдыры – біздің тағдырымыз

31.03.2023 | 17:47
Елорда ақпарат
10

Ардагер-ұстаз, Астана қаласының тұрғыны Орақ Жабайұлы ел халқы үшін саяси әрі мемлекеттік маңызды шараға қатысты пікірін жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Мен де елімнің азаматы ретінде балаларым мен немерелерімнің кемел келешегі үшін өз таңдауымды жасаймын. Өйткені бұл сайлау жаңа Қазақстанның серпінді дамуына даңғыл жол ашады деп үміттенемін. Сондықтан бұл саяси науқанға жайбарақат қарауға болмайды деп ойлаймын. Шын мәнінде, мемлекеттің келешегі барша қазақстандықтардың таңдауына байланысты болатыны анық. Ол үшін әрбір адам сайлау науқанына аса жауапкершілікпен қарағаны жөн.

Қазіргі кеде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның нәтижесінде сайлау науқаны да барлық заң талаптарын сақтай отырып өтетініне сеніммен қараймын.

Біле білсек, соңғы жылдардағы өзгерістер мемлекеттің саяси құрылымының жаңа үлгісін қалыптастырып отыр. Осының бәрі, түптеп келгенде, елдігімізді сақтауға, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынуы өте ұтымды шешім болғаны сөзсіз. Өйткені әрбір баланың шотына түскен қаражат елдігіміздің болашағына салынып жатқан құндылық деп білемін. Олай дейтінім, бүгінгі балалар елдің ертеңгі келешегі, иесі болатыны заңдылық. Сонымен қатар 2023 жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетуді жалғастыру да әлеуметтік маңызды ұйғарым болып отыр. Мұндай игілікті бастамалардың жүзеге асуы, жалпы халықтың әл-ауқатының артуы бірінші кезекте саяси реформаладың жүзеге асуына байланысты болмақ. Сондықтан да мен дауыс беруге құқығы бар әр азаматтың сайлау науқанына белсенді қатысуын сұрар едім. Елдің тағдыры біздің тағдырымыз екенін тереңінен ұғынсақ дегім келеді.

Все новости