00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Реформалардың жүйелі жүзеге асырылғаны маңызды – депутат

31.03.2023 | 17:31
Елорда ақпарат
5

Астана қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов «Жаңа Қазақстан» құруға бағытталған реформалардың жүйелі жүзеге асырылғаны маңызды екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазақстан Президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну басталып та кетті. Бізге «Жаңа Қазақстан» құруға бағытталған реформаларды жүйелі жүзеге асырылғаны маңызды. Сондықтан да бұл сайлаудан күтеріміз көп. Бүгінгі күні халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасып келе жатқанын, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнағанын да байқауға болады. Саяси жүйе біртіндеп өзгеріске ұшырауда. Алдағы уақытта осы бастамаларды жалғастыратын, нәтиже шығара алатын мамандар қажет. Қазіргі геосаяси жағдайда өзге мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынас құрып, мемлекет мүддесін жеке мүддесінен жоғары қоятын нағыз дипломатты билік басында болғаны дұрыс. Болашағымыз жарқын болсын десек сайлауға қатысып, өз үлесімізді қосайық. Халық сенімін ақтайтын сайлау болады деп үміттенемін, – деді Е.Дәкенов. 

Все новости