00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мәслихат депутаты: Сайлау – елдің болашақ бағдарын айқындайды

31.03.2023 | 17:30
Елорда ақпарат
3

Астана қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова Президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекет басшысын қайта сайлану құқығынсыз бір реттік 7 жылға сайлау пункті бізге не береді? Не себепті мұндай заңнама ұсынылды? Себебі кез келген бастаманы яғни реформаны жетілдіріп, белгілі бір нәтижеге жеткізу үшін кемі 5 жылдан аса уақыт керек. Басқа басшы басқа реформа ұсынары сөзсіз. Демек, біз қуанған жаңашылдықтар, Жолдауда айтылған реформалар жүзеге асу үшін – оны жүзеге асыруға уақыт беру қажет. Ал 7 жыл кез келген ауқымды бағдарламаны іске асыру үшін жеткілікті. Әрі саяси тұрақтылық пен инвестор тарту мәселесінде де бұл заңнама оң нәтижесін берері сөзсіз, - деді ол.

Сондай-ақ мәслихат депутаты Президент өзгерісті өзінен бастағанын айтты.

Алдымен, халықтың сенімі керек. Ал сенім сеңгір тауды да қозғайды. Ал сайлау – елдің болашақ бағдарын айқындайды. Президент. Парламент. Үкімет әрі Мәслихат. Төрт құрылым да қайта құрылады. Бірақ бірден емес, біртіндеп. Бұл биыл жүзеге асырылған іргелі референдумның негізі. Осылайша, билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнамақ, - деді Ләззат Разбекова.

Все новости