00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жұбайының әпкесін өлтіруге тапсырыс берген астаналық 10 жылға сотталды

09.01.2024 | 11:30
109
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұбайының  әпкесін өлтіруге адам жалдаған елорда тұрғынымен оның көмекшісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Астана қаласы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Соттың 2023 жылғы 3 қарашадағы үкімімен:- Ш. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында, жалдау бойынша пайдакүнемдік ниетпен жасаған кісі өлтіруге дайындықты ұйымдастырғаны үшін - 10 жылға,  ал Н. көмек көрсеткені және қылмыс олардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеуіне байланысты – 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға   сотталды.

Сот Ш.-ның Н.-ға жұбайының әпкесін 10 млн.теңгеге өлтіруге тапсырыс бергенін анықтады. Белгілі болғандай тапсырыс беруге себеп, ол өзіне  әпкесі сақтау үшін қалдырған ақшаны жұмсап қойған.

Ал Н. өз кезегінде өзінің танысы В.-ға кісі өлтіруді ұсынған. Алайда, В. бұл туралы полицияға хабарлап қойған. Полиция тапсырыс беруші мен кісі өлтірушіні ұстау мақсатында жәбірленушінінің өлімін имитациялап, сотталғандарды ұстады. Қорғаушы тарап апелляциялық шағымдарында үкіммен келіспей, Ш. мен Н. жәбірленушіні өлтіруге емес, оның ақша туралы біраз уақытқа ұмытуын көздеп, тек ұрып-соғуға тапсырыс бергенін айтты, - деп жазды ақпарат көзі. 

Алқа сотталғандардың кінәсі куәгердің жалданған кісі өлтіру орындаушысы В.-ның тұрақты айғақтарымен, әңгімелесу стенограммасымен, тәркіленген заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген деген қорытындыға келді. Осыған байланысты, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.

Все новости