Таразда есірткі саудасымен айналысқан «Чели апай» ұсталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/esirtki_8803f3f816.jpeg)
Жамбыл облысында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлады elorda.info Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер алты ай бойы героин тобындағы есірткі өткізудің ірі арнасын анықтау және жою бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізді. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісті сұр-қоңыр түсті заты бар екі сіріңке қорабы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат жалпы салмағы 5,45 грамм – шамамен 60 доза героин есірткісі болып шықты.
Арнайы операция нәтижесінде ұсталған әйел – “Чели апай” бүркеншік атымен бұрын героин сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған. Ол құрықтау кезінде осындай қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын соңына дейін өтеп үлгермеген. Атап өту керек, осыдан бір жыл бұрын жедел уәкілдер оның 41 жастағы қызын есірткі саудасы саласындағы қылмыстары үшін “Мака” бүркеншік атымен құрықтаған. – 63 жастағы тұрғын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына, қызы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқанына қарамастан, заңсыз жолмен алынған табыстан бас тартпаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір уақытта есірткі жеткізу арнасын анықтау бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)