00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Талдықорған қалалық полиция басқармасы бастығы қамауға алынды

13.11.2023 | 09:15
104
Фото: ашық дереккөз

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info

Ақпаратты Жетісу облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов растады. Ол оқиға туралы департаменттің Instagram парақшасында ресми мәлімдеді. 

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді, -деді А. Арыстанов. 

  Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды. 

Все новости