«Түрмеде отырып, қонақүй сатып алды»: Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жауап берді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/satypaldy_5da3bcd066.jpeg)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы терім тордың ар жағында отырып, қонақүй сатып алды делінген ақпаратқа жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Жекелеген азаматтар БАҚ және әлеуметтік желілерде «Double Tree by Hilton Almaty» қонақүйін адамдар тобының, соның ішінде Қ.Сатыбалдыұлының иемдену әрекеттері туралы ақпарат таратып жатыр.
Барлығына белгілі, сотталған Қ. Сатыбалдыұлы қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр. Бұл ретте оған қатысты салықтарды төлемеуге және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда. Тергеу барысында заңсыз шығарылған активтерді, сондай-ақ қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылданады.
Осыған байланысты Сатыбалдыұлына залалды өтеу мақсатында бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс автомашиналар мен ақшалай қаражат мемлекетке беріледі. Олардың қатарына 2021 жылдың қараша айында Сатыбалдыұлымен байланысты кәсіпорын сатып алған «Double Tree by Hilton Almaty» қонақүйі кіреді. Қазіргі уақытта осы объектіні мемлекет меншігіне қайтару аяқталуда. Азаматтарды жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз, - деп жазылған мәліметте.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)