00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Полицейлер құрамында есірткі бар алты мың таблетканы тәркіледі

14.11.2023 | 12:00
93
Фото: дереккөз

Ішкі істер органдары республика бойынша «Дәрмек» кең ауқымды жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Полицейлер есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдарды, дәлірек айтқанда, медициналық мекемелерді, дәріханаларды, қоймаларды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды және басқа да нысандарды тексеруді бастады. 

Рейдтің алғашқы күнінде аталған салада 11 қылмыс пен 63 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 63 адам тартылды, оның ішінде – 11 медицина қызметкері. 

Дұрыс сақталмаған, құрамында есірткі және психотроптық заттар бар алты мыңға жуық таблетка мен медициналық препараттардың ампулалары тәркіленді. 13,4 тоннадан астам прекурсорлардың айналымы лицензиялық нормалардың және оларды сақтау қоймаларының техникалық жағдайлары талаптарының бұзылуына байланысты шектелді, - делінген хабарламада.

Все новости