00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мәсімов 10 жылға сотталды

10.08.2023 | 12:00
82
Фото: Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Павлодар облысы ПД-нің  бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсіміов пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық істі қарағанын мәлімдеді,  деп хабарлады Elorda.info.

Облыстық соттың баспасөз қызметі, хабарлағандай онымен бірге орынбасары болған С мен Е есімді кәсіпкерге де сот үкімі шықты. 

Аталған тұлғалар пара алу (ҚК 366-б. 4-б.), парақорлыққа делдал болу (ҚК 368-б. 2-б.), сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу және талан-таражға салу (ҚК 189-б. 2-б.) бойынша айыпталды. Сонымен қатар, М.-ға Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту (ҚК 392-б. 1-б.) бойынша айып тағылды

Сотта анықталғандай, 2020 жылы М., полиция департаментінің бастығы бола тұра, өзінің орынбасары С. арқылы жергілікті кәсіпкер Е.-ден пара алуға келісті. Пара Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы екі қабатты үй мен монша салу түрінде берілген, сондай-ақ Алматы қаласындағы тұрғын үйдің жертөле қабатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алынған мүлік пен пайданың жалпы сомасы 86 млн теңгені құрады,-делінген дереккқзі таратқан мәліметте. 

Өз кезегінде М., Е.-ге полиция департаменті арқылы жасанды жоғары сомалармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды кедергісіз жасасуға және жалпы қамқорлық жасауға уәде берді.

М. қылмыстық әрекетін жүзеге асыру мақсатында өзінің орынбасары С. арқылы әрекет етіп, ЖШС-мен жалпы сомасы 607 млн.теңгеге артқұрал-жабдықтарды жеткізуге шарт жасасуды ұйымдастырған. Көрсетілген өнім беруші конкурсты өткізусіз бір көзден алу тәсілімен таңдалды.

Аталған шартты орындау аясында ЖШС артқұрал-жабдықтарды жоғары бағамен жеткізген, бірақ сатып алуға 183 млн. теңге жұмсаған. Осылайша мемлекетке 423 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.  2022 жылдың шілде айында қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында М. қашып, бақылау-өткізу пункттерінен тыс Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен, бірақ Ресей Федерациясының шекарашыларымен ұсталған.

Сотта сотталушылар М. және С., ҚК 366, 368, 189-баптары бойынша кінәларын мойындамады және ақтауды сұрады.

 Е., өз кінәсін толық мойындады.

Сот шешімі бойынша, алқабилердің қатысуымен сот кесімі бойынша сотталушылар өздеріне тағылған қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот алқабилердің ашық дауыс беруінің нәтижелері бойынша:

М.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды; - C.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды; - Е.-ге мүлкін тәркілеумен, 7 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалсын,- делінген сот үкімінде. 

Сонымен қатар, сот М.-ны мемлекеттік наградасынан және генерал-майор атағынан, ал С.-ны - полковник арнайы атағынан айыру туралы ұсыныс жасады.  Сонымен қатар сотталғандардан залал өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Все новости