00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Көкшетауда жол ережесін 24 рет бұзған жүргізуші ұсталды

15.03.2024 | 04:41
129
Фото: дереккөз

Облыс орталығындағы көшелердің бірінде тәртіп сақшылары Nissan Primera көлігі тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталды. Автокөлік бірден айыппұл тұрағына қойылды.  

Сонымен қатар Nissan Primera көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 8 наурыздан 9-ына қараған түні Осипенко көшесінде жол апатына себепкер болған. Ол үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Айта кетейік, 13 наурыздан бастап Ақмола облысының аумағында «Борышкер» ЖПІШ өткізіліп жатыр. Аталмыш іс-шара 31 наурызға дейін жалғасады. 

Все новости