00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ірі қаржы пирамидасын құрушылардың бірі шетелден ұсталды

08.11.2023 | 12:00
118
Фото: дереккөз

Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздеу жариялаған 32 жастағы қазақстандық Түркия Республикасының аумағында жүргендігі анықталып, ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz. сайтының жазуынша, оған облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздеу жарияланған. Сонымен қатар  “Oceans Enterprise” компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушыларының бірі болған. 

Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысты. Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 млн теңге, - деп жазды дереккөз.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астана қаласында жеткізіліп, қамауға алынды.

Все новости