00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды

01.11.2023 | 06:30
103
Фото: дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазан айында есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласында бірқатар операцияларды іске асырды, деп хабарлады Elorda.info.

Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.

Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды.

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.

Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.

Все новости