Елордалық полицейлер бөтеннің велосипедін теуіп кеткен азаматты анықтады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/velosiped_a9fd7f50ca.jpg)
Астаналық полицейлер паркингтен бөтеннің велосипедін теуіп кеткен азаматты анықтады,деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында велосипед ұрлығына қатысы бар 25 жастағы ер адамды анықтады. Тергеу барысында күдіктінің күндізгі уақытта Достық көшесіндегі паркингтен өтіп бара жатып, велосипедті байқап қалып, жақын жерде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, оған мініп кетіп қалғандығы анықталды. Күдікті оң жақ жағалауға жетіп алған соң, велосипедті бейтаныс адамға 40 мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында велосипед ұрлаудың тағы 3 фактісіне қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Велосипед ұрлығы – маусымдық қылмыс. Күннің жылынуына байланысты көптеген азаматтар екі доңғалақты көлікке ауысып жатыр. Мұны қаскөйлер қоғамдық орындардан ұрлық жасау үшін пайдаланады. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, велосипедтерді қараусыз қалдырмауды және ұрлыққа қарсы жоғары сапалы велосипед құлыптарын қолдануға кеңес береді.
Егер сіз күдікті адамдарды байқасаңыз “102” арнасы арқылы полицияға хабарлаңыз.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)