00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада есірткі сатқандар сотталды

21.09.2023 | 06:30
77
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тан пошта жөнелтілімдері арқылы келген ірі көлемдегі марихуананы «Telegram» арналары арқылы сатпақ болған екі азамат сотталды. Бұл жайлы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

ҚМА астаналық департаменті бір топ адамға қатысты алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады

Астанада «бақыланатын жеткізу» жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерінен ірі көлемде «марихуана» есірткі заттарын алған елорда тұрғындары ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.

Қылмыскерлер «Telegram» мессенджерінде ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған.

Сот үкімімен 2 азамат кінәлі деп танылып, 7 жылға және 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың пікірінше, есірткі заттарын қолдану жасөспірімдердің толыққанды дамуына, есте сақтау қабілетіне, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.

Осыған байланысты, ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жазылымдары мен сатып алуларына назар аударуды сұраймыз, - делінген ҚМА хабарламасында.

Все новости