Елордада бірнеше күн ішінде екі мәрте көлік ұрлаған азамат қамауға алынды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/policziya_23b55cc408.jpg)
Астанада бірнеше күн ішінде екі мәрте көлік ұрлаған азамат қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда тұрғыны полицияға FAW жүк көлігін ұрлап кеткендігі туралы арыз түсірген. Әйел адамның айтуынша, ол көлікті техникалық қызмет көрсету станциясына жөндеуге берген. Жөнделген көлік бір айға жуық қақпа алдында тұрған. Тергеу кезінде ТҚКС жанынан түнгі уақытта өтіп бара жатқан күдікті ашық есікті пайдаланып, көлікті бұрағышпен оталдырып алған. Ұрланған автокөлігімен Барқытбел жолағында Daewoo Nexia автокөлігін байқаған да, қылмысты ниетімен кілтті сәйкестендіру арқылы есікті ашып, ішінен Bosch бұрағышын, компрессорды және мемлекеттік нөмірді алып кеткен. Қолды қылған мемлекеттік нөмірді жүк көлігіне тағып, қаладан шығып кеткен. Ұрланған көлікпен Ақмешіт ауылына жеткен ер адам, көлікті сонда қалдырып, қалаға таксимен оралған. Екінші күні Мұхамеджанов көшесінде келесі есігі ашық тұрған ВАЗ 21150 автокөлігін де заңсыз иемденген. Аталған көлікпен де ол Ақмешіт ауылына жетіп, оны сонда тастаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 35 жастағы қала тұрғынын анықтады. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ер адам жасаған ісін мойындады. Заттай айғақ алынды. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды көліктен шығарда қырағы болуды, барлық есік-терезелердің сенімді жабылғанын тексеруді ескертеді. Ұрлықтың алдын алу және көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көліктерді дабыл жүйесімен жабдықтап, қауіпсіз тұрақтарға қалдырыңыз.Сізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалса, дереу «102» нөміріне хабарласыңыз.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)