00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде бір аптада 2 647 қылмыс жасалды – ІІМ

06.11.2023 | 06:30
68
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бір апта ішінде 2 647 қылмыс жасалды, оның 1 645-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 25 тонау және 318 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Ш.Тұрлыбек брифингте.

Естеріңізге сала кетсек, мұның алдындағы аптада республикада 2 613 қылмыс жасалған болатын. Оның 1 602-сі тәулік ішінде ашылған еді. Полиция қызметкерлері 10 кісі өлтіру, 11 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын ізін суытпай анықтаған болатын.

Все новости