00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Екібастұз ЖЭО қазандықтарының жұмысы қалпына келтірілді

11.12.2023 | 04:00
97
Фото: ашық дереккөз

Екібастұз ЖЭО-да қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтардың жұмысы толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлады Elorda.info.

10 желтоқсан күні сағат 19.30-да Екібастұз ЖЭО-да құбырдағы күлді шаю нәтижесіндегі су басқан барлық учаскелер құрғатылды. Жөндеу бригадалары екі электр қозғалтқышты ауыстырды, сорғы күл құбырының жұмысы қалпына келтірілді.

Мазутпен жұмыс істеген үш су жылыту қазандығы толығымен отынның негізгі түріне – көмірге ауыстырылды. Қатты отынмен жылытылатын қазандықтарды іске қосу сағат 04.30-да басталып, сағат 06.00-де толығымен аяқталды, - делінген Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Станция жұмысы берілген параметрлерге қайта оралды. Қазір 6 қазандық агрегат жұмыс істеуде. Гидравликалық режим берілген кестеге сәйкес келеді: 9/1,5 кгс/см2; ЖЭО-дан шыққан температура 79°С құрайды.

Все новости