00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

БҚО әкімінің бірінші орынбасары жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді

08.08.2023 | 05:00
104
Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады  Elorda.info агенттіктің телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілініді, -делінген ақпаратта. 

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілген.

Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Все новости