Қазақстанда автокөлікті жалған құжаттар бойынша тіркеген қылмыстық топтар ұсталды (ВИДЕО)
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/inshot_20230619_014938225_332f293fe6.jpg)
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысында тіркеуге заңсыз қойылған жүк автокөліктері анықталды. Өткен жылдың ақпан айынан осы жылдың сәуір айына дейін қылмыстық топ алғашқы мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, 62 жүк автомашинасын қазақстандық есепке қойған.
Әрбір жүк автомашинасын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін ресми төлем шамамен 7-8 млн теңге болуы тиіс еді. Алдын ала деректер бойынша мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 млн теңгені құраған.
Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері тағы бір қылмыстық топты анықтады. Күдіктілер Қазақстанға Оңтүстік Кореядан жеткізілген жеңіл автокөліктерді заңсыз тіркеген. Сондай-ақ жалған құжаттар бойынша тіркелген 250 автокөлік анықталды, олар бойынша мемлекетке келтірілген шығын 340 млн теңгеден астам.
Бұл жағдайда қылмыстық топ көлік құралдарына жалған құжаттар жасаған, олар шығарылған жылын 2018-2020 жылдар деп өзгерткен, алғашқы мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген соманы төлемеген.
Астана қаласында қылмыстық топ автокөліктерді автобөлшектер түрінде жеткізуді ұйымдастырған және олардың шанақтарын ауыстыру туралы жалған құжаттар арқылы қазақстандық есепке қойған.
Күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Сонымен қатар олардан заттай дәлелдемелер мен жалған құжаттар тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)