00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Бесінші кеншінің денесі табылды

20.08.2023 | 03:37
136

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында жер астында қалып қойған 5 жұмысшының да денелері табылды, деп хабарлады Elorda.info  

Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Жер астында өрт шыққан «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында құтқарушылар қаза тапқан бес адамның денесін тапты, - деп жазды әкімдіктің сайты.

 

Әкімдік  ТЖ салдарынан қаза тапқандардың аты-жөндерін жариялады:

- Виталий Владимирович Слюньков, 1965 ж. т.;

- Виктор Сергеевич Бургун, 1966 ж. т.;

- Илья Александрович Старовойт, 1996 ж. т.;

- Артур Ринатович Халиков, 1994 ж. т.;

- Денис Геннадьевич Стешин, 1978 ж. т.

Қарағанды облысының әкімдігі қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады,-делінген ақпаратта. .

Еске сала кетейік 17 тамыз күні аталған шахтадан өрт шыққан болатын. Оқыс оқиға болған кезде жер астында 227 кенші болған. Осыған дейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, қалғандары іздестіріліп жатқандығы айтылған. Одан кейін, жер астында қалып қойған өзге кеншілердің денелері табыла бастады.

Все новости