Астаналық полицейлер екі келіден астам мефедрон тәркіледі
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/2023_08_22_112144_e908609f21.jpg)
Астаналық полицейлер арнайы операция нәтижесінде екі келіден астам мефедрон тәркіледі, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері елордаға есірткі жеткізу, сатумен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кескен. Мәселен, Тоқпанов көшесінің аумағында бұрын сотталған 26 және 23 жастағы бірге тұратын қала тұрғындары анықталған.
Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде сатуға дайындалған марихуана және мефедрон есірткі заты салынған үш полиэтилен пакет, сондай-ақ электронды таразылар, зип пакеттер және 1,2 миллион теңгеден астам ақша табылды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сатушылардың тауарларды жасырып қою арқылы интернеттің көмегімен сатқаны анықталды, - делінген хабарламада.
Тергеу жедел іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталған азаматтар полиция қызметкерлеріне есірткі заттары жасырынған құпия орындарды көрсеткен. Бұған қоса Ерен-Қабырға көшесінен есірткі заты бар 100 полиэтилен түйіншек тәркіленсе, Тәуелсіздік даңғылында есірткі заты бар тағы да 100 полиэтилен түйіншек табылған.
Арнайы операция нәтижесінде екі келіден астам мефедрон синтетикалық есірткі заты және 200 грамм марихуана тәркіленген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Қылмыстық топпен, аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)