00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналық қос полицей ер адамның өмірін сақтап қалды

30.12.2023 | 06:00
109
фото: дереккөзден

Елордалық патрульдік полиция қызметкерлері Олжас Алтынбеков пен Нұрлан Бауыржанов қаладағы Тараз көшесі мен Жангелдин көшесінің қиылысында тротуарда жатқан ер адамды көрген, деп хабарлады Elorda.info

 Polisia.kz сайтының жазуынша  Жағдайды бағалай отырып, капитан Алтынбеков ұстамасы басталған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге кіріседі. 

Дәрігерлер келгенге дейін полиция қызметкері көмек көрсетуді жалғастырып ер адамның тыныс алу жолдарына ауаның еркін  жетуін  қамтамасыз еткен. Сөйтіп жедел жәрдем келгенге дейін полиция қызметкерлері  зардап шеккен адамның жанында болған. Келген жедел жәрдем көлігімен 30 жастағы ер адам медициналық мекемеге жедел жөнелтілген, –  деп жазды дереккөз.

Қолдан келген көмегін көрсеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары өздеріне бекітілген маршрут бойынша қызмет атқаруды жалғастыруға бағыт алған.

Все новости