00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада тыйым салынған діни әдебиеттерді сатқан дүкен анықталды

01.08.2023 | 16:00
119
фото: polisa.kz

Елордалық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде «Артем» орталық базарының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатын алмаған әдебиеттер сататын дүкенді анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағын негізге ала отырып әкімшілік хаттама толтырылды. 

Астана қаласы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремистік идеяларды насихаттайтын тұлғаларды, сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізіп тұратынын ескертеді.


 

Все новости