00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

11.09.2023 | 10:30
104
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Есіл ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері СПиАСР ММ-мен, сондай-ақ аудан әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп «Дом на ботаническом» ТК аумағында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

орттттттттттт.jpeg

Елордалық ТЖД мәліметінше, оқу-жаттығуға сәйкес, 7-қабатта шартты өрт болды, түтін мен от үш қабатты – 6-дан 9-ға дейін шарпыды.

Оқу-жаттығуға 8 бірлік арнайы техника, оның ішінде 3 автосаты жұмылдырылды.

Авариялық-құтқару жасағы қызметкерлерінің адамдарды құтқару тетігі пысықталды. Үй тұрғындарына өрт қаупі төнген кезде жедел іс-қимылдар қалай жасалуы керектігі көрсетілді, сондай-ақ өрт кезіндегі іс-қимылдар және тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ұсыныстар берілді. ТЖБ қызметкерлері осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын, оқу-жаттығулармен елорданың барлық ауданы қамтылғанын атап өтті.

Все новости