00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада аялдамада отырған қызға көліктің дөңгелегі соғылған

18.05.2023 | 18:00
109
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде көліктің дөңгелегі ұшып, қызға тиген бейнежазба тарады, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада аялдамада отырған қызға жолда келе жатқан жүк көлігінің дөңгелегі ұшқан. Соның салдарынан қыз жерге құлаған. 

Қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді.

Тексеру барысында оқиға 2023 жылы 27 сәуірде Абылай хан даңғылы мен Бурабай көшесінің қиылысында болғандығы анықталды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 18 жастағы жәбірленуші үйіне жіберілген, – делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша полицияға өтініштер түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 27 сәуірде жедел медициналық жәрдем бригадасы қызды тексергенін айтты.

Астана қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасына жеткізіліп, нейрохирургке қаралды. Ол бас ауруына шағымданды, бірақ қызды ауруханаға жатқызу туралы айғақтар болған жоқ. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, одан әрі бақылау үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға бару ұсынылды, – деп мәлімдеді ведомоство.

Все новости