00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қарағандылық азамат қарасора өсіру үшін жылыжай салған

06.10.2023 | 09:00
110
Фото: Polisia.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне қарағанды қаласында белгілі бір азамат жылыжай салып, ол жерде қарасора өсіріп жатқандығы туралы ақпарат түсті, деп хабарлады, Elorda.info

Polisia.kz. сайтының жазуынша, күдікті азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы ақпаратқа қатысты жер үйде тұратын 50 жастағы азамат ұсталды. Ұсталған азамат жылыжайды арнайы қарасора өсіру үшін салғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тәртіп сақшылары жылыжайдан 421 түп қарасора, 500 грамм кептірілген марихуана, суару шлангысы, марихуана пайдалану құралын тәркіледі,- деп жазды дереккөз. 

Жергілікті полицияның айтуынша аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабына (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Все новости