00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды

25.02.2024 | 04:30
182
Фото: ашық дереккөз

Полицейлердің мәліметіне сүйенсек,, жедел басқару орталығына ер адам телефон шалып, Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінде нәресте жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер жаңа туған ұл баланы тауып, үсік шалудан аман алып қалды.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, баланың анасын іздестіруде. Сәби жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада

Все новости