00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алматы облысында іздеуде жүрген қауіпті күдікті азамат ұсталды

25.11.2023 | 05:00
146
Фото: дереккөз

Алматы облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1991 жылғы К. есімді азаматты ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz  Telegram арнасының жазуынша, ұсталған азамат ҚР ҚК 194 - бабының 4-бөлігі (Бопсалау) бойынша Жамбыл облысының ПД бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған.

Күдікті - деструктивті діни ағымның жақтаушысы. Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды. Қазіргі уақытта ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - деп жазды дереккөз.  

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Все новости