00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті

Төрегелді Шарманов
фото: Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлерінің бірі болған, Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы, отандық медицинаның мақтанышы Төрегелді Шарманов дүниеден өтті, деп хабарлады Elorda.info ҚазҰМУ-ға сілтеме жасап.

 Қазақ медицинасының мақтанышы, әлемдік денсаулық сақтау саласының аңыз адамы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті, - деп жазылған хабарламада.

Төрегелді Шарманов әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталған "Еңбек ері" атағының иегері болды.

Ол 12 жыл бойы Денсаулық сақтау министрлігін басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды.

2005 жылы академик Шармановқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары дәрежесі – Леон Бернард сыйлығы берілді. Ол сыйлықты бүкіл әлем тарихында небәрі 29 адам алған.

Все новости