00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Абылай Мырзахметовке қатысты сот отырысы басталды

22.01.2024 | 06:41
107
Фото: ашық дереккөз

Астанада  «Атамекен» ұлттық палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовке  қатысты басты сот талқылауы басталды, деп хабарлады Elorda.info ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. 

 Бүгін Астанада "Атамекеннің" экс-басшысы Абылай Мырзахметовтің басты сот талқылауы басталды.

Айта кетейік, прокурор жабық сот процесі туралы ұсыныс білдірді, өйткені куәгерлердің бірі өз қауіпсіздігі үшін алаңдаушылық білдірген. Тараптар бұл ұсынысты қолдады. Бұған дейін журналистерге талқылау ашық форматта өтетіні туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, Мырзахметовтің ісін қарау барысында фото видеоға түсіруге тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 10 мамырында Мырзахметов $30 млн (Т13,3 млрд) пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Кейін "Антикор" Мырзахметовке қарсы қылмыстық іс қозғалғанын ресми растады.  Іс бойынша Абылай Мырзахметовке пара берген болуы мүмкін деп олигарх Қайрат Боранбаевтың бауыры Талғат Боранбаевтың есімі аталған болатын.   

Все новости