00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

14.08.2023 | 10:30
69
Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған,деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz телеграмм арнасына сілтеме жасап. 

Оқиғаны сараптау кезінде Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кеткен. 

Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды,-делінген полиция таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда қайғылы оқиғаға қатысты  ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. 

 

Все новости