00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ақмола облысында жасөспірім қыз жоғалып кетті

08.09.2023 | 12:00
138
Фото: дереккөз

Көкшетау қаласында  үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен жасөспірім қызды полицейлер мен еріктілер іздестіруде, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Polisia.kz  Telegram арнасы жазды. 

Көкшетау қаласының тұрғынынан оның 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызы Лейла Асхатқызы Тойбазарды іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түсті. Ол 7 қыркүйекте сағат 15.00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Аталған жасөспірім бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған,-деп жазды дереккөз. 

Жасөспірім белгілері: бойы 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген. Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, іздеуге еріктілер қосылды.   

Полиция хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін барлық адамдардан Көкшетау қаласы,  Сәтбаев көшесі 1 "а" мекенжайындағы қалалық ПБ-на немесе 8-(7162)-29-96-00, 8-707-119-87-19 телефондары арқылы хабар беруді сұрайды. 

Все новости