00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ақмола облысында тұрғын ауылға кірген елікті атып алған

28.01.2024 | 10:00
145
фото: ашық дереккөз

Ер адам үйде сақталған ТОЗ маркалы мылтықты алып, жабайы жануарларға бірнеше рет оқ жаудырған. 

Бір елікке оқ тиді, басқалары қашып құтылды. Ауыл тұрғыны  оны сою үшін шаруашылық ғимаратына алып барған сәтінде полицейлер ұстады. Полицейлердің заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сондай-ақ,  ер адамның айтуынша әкесінен қалған, бірақ тиісті түрде полицияда тіркелмеген қару-жарақ сараптамаға жіберілді, = деп жазды Polisia.kz

Сараптама нәтижелері бойынша тергеушілермен соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Все новости