00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада пышақталған мешіт қызметкерінің жағдайы өте ауыр

01.04.2023 | 00:20
Елорда ақпарат
110

Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кеткен.Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пациенттің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлады Elorda.info.

14 наурызда жедел жәрдем бригадасы науқасты №3 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Пациент бірнеше жерден пышақ жарақатын алған, жағдайы ауыр. Науқасқа шұғыл ем жүргізілді. Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Пациентті аман алып қалу мақсатында ОАРИТ жағдайында ем жалғасып жатыр, - дейді ведомстводан.

Оқи отырыңыз: «Жағдайы ауыр»: Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Хабарламада айтылғандай, науқасқа толық көлемде ем көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, болған жайтқа қатысты Полиция департаменті түсінік берді.

Аталған факті бойынша Астана қаласы Полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Айыпты оқиға орнында ұсталды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен өзге де деректер жария етуге жатпайды.

 

Все новости