00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ауыл тұрғыны астаналықтарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдап кеткен

31.03.2023 | 22:01
Айман Нығмет
85

Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алуға көмек ұсынып, хабарландырулар орналастырған. Ол өзін Арнайы ХҚКО қызметкері ретінде таныстырған. Бүгінгі күні полицияға алданған 8 азамат жүгінді, зардап шеккендерден өтініштер келіп түсуде, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Байқоңыр» ауданының полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар 22 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Кәсіпкер ауыл тұрғыны өзінің «қызметтерін» 80-нен 160 мың теңгеге дейін бағалаған.

Мәселен, өткен жылдың маусым айында интернет-алаяққа 120 мың теңге аударған елорда тұрғыны полицияға жүгінді. Әйел ақшаны да, құжаттарды да алмағаннан кейін полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жүргізуші куәліктерін дайындау тәртібі мен ережелері www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Жүргізуші куәлігін жасау туралы жеке тұлғалардың ұсыныстары, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулар алаяқтық болып табылады. Жалған құжаттарды сатып алғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Все новости