00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада шоколад пен кофе ұрлаған жасөспірім ұсталды

31.03.2023 | 21:55
Айман Нығмет
74

Астана көшелерінің бірінде орналасқан азық-түлік дүкенінде ұрлық жасалғаны туралы анықталды. «Есіл» ауданының жедел уәкілдері ұрлық жасады деген күдікпен 16 жасар жасөспірімді анықтады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Дүкенге келуші сөреден 12 қорап «Merci» шоколадын, екі банка «Nutella» шоколад пастасын және екі банка «Сarte noire» кофесін ұрлаған.

Сондай-ақ, оның ІІО-да есепте тұрғаны анықталды. Заңды өкілі бұған дейін бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауапқа тартылған. 

Полицияға жеткізілген жасөспірім ата-анасына табысталды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Все новости