Көпқабатты үйде болған өрттен 6 адам көз жұмды
![](/img/articles/uploads/639c0475021da994583807_28bc59838c.png)
Қарағанды облысында көпқабатты үйден өрт шығып, 6 адам көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрттің шығуына себеп болған жағдайларды зерттеу үшін оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов барды.
16 желтоқсанда сағат 01:51-де Теміртауда Ақтау кентіндегі 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 02:25-те жетті. 1-қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде 40 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар 5 адамның мәйітін (2007, 2010 жылы туған ұлдар, 1983, 1991 жылы туған әйелдер, 1991 жылы туған ер адам) кіреберістен көшеге алып шыққан. Зардап шеккен адамдар жоғарғы қабаттардағы пәтерлерді түтін басқандықтан, кіреберіс арқылы өз бетімен эвакуацияланбақ болған.
Баспалдақ алаңында өрт болған жоқ, алайда түтін салдарынан тұрғындар далаға шығып үлгермеген, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтердегі өртті сөндіру барысында алтыншы адамның (1977 жылы туған ер адам) денесі тауып алды. Үш адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Сондай-ақ, өрт сөндірушілер баспалдақ пен тыныс алу аппаратының көмегімен түтін басқан пәтердің кіреберісінен 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 03:10-да оқшауланып, 04:00-де сөндірілді.
Өртті өшіруге Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнында сынақ өрт зертханасының мамандары мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.
Өрт дерегі бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)