00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

51 жастағы жолаушы әйел екі түйеге соғылып, көз жұмды

31.03.2023 | 21:03
Айман Нығмет
69

Жетібай-Ақтау тасжолында көлік түйеге соғылып, 51 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды. Тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлады Elorda.info.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 2022 жылғы 10 желтоқсанда сағат 19:00 шамасында болған.

Chery Tiggo 8 Luxury» автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатқан жолда екі түйені соққан. Апат салдарынан оқиға орнында 51 жастағы әйел мерт болды. Сонымен қатар зардап шеккен екі адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, онда оларға медициналық көмек көрсетілді, –  деп мәлім етті жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.

Все новости