00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада қаруланған қылмыстық топ мүшелері ұсталды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 16:59
Елорда ақпарат
65

Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады. Олардың ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық« бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені, Петропавл қаласында іздеуге жарияланғаны анықталды.

Ұстау кезінде күдіктілер травматикалық патрондармен оқталған «WALTHER», «ОСА» маркалы тапаншалармен қаруланған болды, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап 2-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Все новости