00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада көшеде бойжеткенді ұрып-соққан ер адамның ВИДЕОСЫ тарап жатыр

31.03.2023 | 16:52
Елорда ақпарат
105

Елорданың қақ ортасында бойжеткеннің шашын тартып, бетінен салып қалады. Болған жағдайды көрген куәгер ер адамды тоқтатуға тырысып, полиция шақыратынын айтады, деп хабарлады Elorda.info.

Ер адам бұрылып, видеоға түсіріп тұрған адамға айғайлап, таксиге отырған қызды ұруды жалғастыра береді.

Бұл істі тексерген полиция олардың әкесі мен қызы екенін анықтаған.

Үстіміздегі жылдың 6 қыркүйегінде сағат 12: 47-де «102» арнасына ересек ер адам Орынбор көшесіндегі қызды ұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын Есіл ауданының ПБ-ға жеткізді. Жанжал әкесі мен қызы арасында болғандығы анықталды. Тараптар өтініш беруден бас тартты, - деп хабарлады Полиция департаментінен.
 

 

Все новости