00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды

25.02.2023 | 14:45
Айман Нығмет
92

Облыстық жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жол апаты кеше түнгі 23:00 шамасында «Балқаш-Приозерск» автожолында Гүлшат кентінен 23 шақырым жерде болған.

Приозерск қаласы бағытына қарай келе жатқан 35 жастағы жүргізуші жөндеу жүріп жатқан жабық жолға шығып кеткен. Сол сәтте 25 жастағы жүргізуші басқарған «Хово» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 30 жастағы жолаушысы (әйелі), олардың кәмелет жасына толмаған үш баласы оқиға орнында көз жұмды. Бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Все новости