00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық полицейлер жол бойынан атыс қаруларын тапты

25.02.2023 | 13:33
Елорда ақпарат
40

11 тамыз күні сағат 17:10-да елордалық Криминалдық полиция басқармасының, ҰҚКД және МКҚ қызметкерлері “Алматы – Екатеринбург” тасжолы бойындағы орман екпелерінде, айналма жолдан 900 метр қашықтықта, шөптердің арасынан қару жасырылған орынды тапты.

Табылған құпия орынды тексеру кезінде қолдан атуға арнап жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан атуға арнап жасалған, 9 мм калибрлі 7 патроны бар “МР-371” сигналды тапаншасы табылды. Екі қару да атуға жарамды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Все новости