00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада көлікке жалған нөмір таққан жүргізушілер ұсталды

25.02.2023 | 11:05
Айман Нығмет
88

Соңғы үш күн ішінде полицейлер 19 жүргізушіні ұстап, медициналық тексеруге жеткізген. Оның 17-сі мас күйінде болғаны анықталды. ҚК-нің 346-бабы бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін 1 жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа 18 автокөлік орналастырылды.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде «Сергек қорғау» көмегімен елорда жолдарында 238 жүргізушіге айыппұл салынды. Жалған мемлекеттік нөмірмен басқарғаны үшін 2 жүргізуші ұсталды, 39 - көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар, 40 - сақтандыру полисі шартын жасамаған, 3 – бағдарлау бойынша автокөліктер.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтауға және жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізу барысында полиция қызметкерлері жалған нөмірлері бар «БМВ 525» маркалы автокөліктің 34 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, мемлекеттік нөмір алынып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
 

Все новости