00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ақмола облысында 36 бас жылқы ұрлағандар ұсталды

25.02.2023 | 08:59
Елорда ақпарат
89

Polisia.kz мәліметінше, шығын сомасы 17 млн 750 мың теңгені құрады. Жамбыл облысының тұрғындары және жақын шетелдің тумасынан тұратын 31-36 жас аралығындағы қылмыстық топтың айыпталушылары қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері қаскүнемдер түнгі уақытта еркін жайылып жүрген малды жүк газеліне, сондай-ақ «Scania» тіркемесі бар фураға тиеп, жануарларды Жамбыл облысы Байзақауданының аумағына жеткізгенін анықтады. Кейін күдіктілер жылқыларды жергілікті «АСА-ЕР» базарында сатқан.

Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-1-бабының 4-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

 

Все новости