00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Көкшетауда кейуана тірідей өрттеніп кетті

25.02.2023 | 08:40
Елорда ақпарат
86

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 10 маусымда сағат 11:56 шамасында Жедел басқару орталығына Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 28 адам және 4 техника шақырылды. Сағат 12:33 кезінде өрт ауыздықталып, 13:18-де сөндірілді. Қызыл жалын 135 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 1942 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды, - деді ведомстводан.

Все новости